Сені ұмытқан күні
Қарсы тұрып, дес берместен бәріне,
Сені ғана шарқ ұрып мен іздегем.
Санамда жүр, жанарымда әлі де
Сағынышқа оратылған күзгі өлең…
Қорқам кейде діріл демнен, от лептен,
Сағынышқа тұншықтырған боз мұңнан.
Кием-дағы сағыныштан сал шекпен,
Сені ұмытқан күні мен де көз жұмам.
Сөз таппаймын саған, күнім, теңеуге,
Көңілімнің күйін өзің шертесің.
Сені ойламай кірпік қақсам егерде,
Оянбауым мүмкін менің ертесін.
Сені есімнен шығарған күн аңдамай,
Мына әлемнен құрып кете жаздадым.
Екі өлеңнін бірін саған арнамай,
Оңбайды екен, өнбейді екен жазғаным.
Ойламаса жүрек сені дір еткен,
Қара түн де, аппақ Ай да «қарғайды».
Сәби-өлең көкірегімнен шыр етпей,
Санам тоз-тоз, көз нұрым да сарғайды.
Әз ғаламда сені ғана аңсатар,
Көк жолында бар ғұмырым бір сызық.
Сені ұмытқан күні бітіп жыр-сапар,
Сені ұмытқан күні тәмам тіршілік…
Әрі қарай
Сені ғана шарқ ұрып мен іздегем.
Санамда жүр, жанарымда әлі де
Сағынышқа оратылған күзгі өлең…
Қорқам кейде діріл демнен, от лептен,
Сағынышқа тұншықтырған боз мұңнан.
Кием-дағы сағыныштан сал шекпен,
Сені ұмытқан күні мен де көз жұмам.
Сөз таппаймын саған, күнім, теңеуге,
Көңілімнің күйін өзің шертесің.
Сені ойламай кірпік қақсам егерде,
Оянбауым мүмкін менің ертесін.
Сені есімнен шығарған күн аңдамай,
Мына әлемнен құрып кете жаздадым.
Екі өлеңнін бірін саған арнамай,
Оңбайды екен, өнбейді екен жазғаным.
Ойламаса жүрек сені дір еткен,
Қара түн де, аппақ Ай да «қарғайды».
Сәби-өлең көкірегімнен шыр етпей,
Санам тоз-тоз, көз нұрым да сарғайды.
Әз ғаламда сені ғана аңсатар,
Көк жолында бар ғұмырым бір сызық.
Сені ұмытқан күні бітіп жыр-сапар,
Сені ұмытқан күні тәмам тіршілік…